Жыртылды беттер күнтiзбедегi – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Жыртылды беттер күнтiзбедегi» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1188
Жыртылды беттер күнтiзбедегi,
ғұмыры бiтiп бiр күнгi.
Жыртылды Айдың iлкi iз,
бедерi,
сөзжұмбақтар да жыртылды.
Қайраткерге де,
жыршыға дағы
бас идiк бiр күн құрметпен.
Смаханұлы шымшымалары
жыртылды қоса бiр бетпен.
Жыртылды күндер жылымық,
тымық,
айналды “ертең” “бүгiнге”.
Бiр ғана тәулiк iлiнiп тұрып,
жыртылды туған күнiм де.
Жыртылды жұмыс күндерi талай,
жыртылды сенбi,
жексенбi.
Асықтық тағы iлгерi қарай,
ертеңге бiр дем жетсе ендi!..
Үзiлiп сарғыш жапырақтары
үстiмiздегi ғасырдың,
жапырақтардай ақыраптағы
желге ұшып,
жерге шашылды…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері