Ақжарқын – аппақ, тәтті-ақ қыз – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Ақжарқын – аппақ, тәтті-ақ қыз» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2023
  • 0
  • 0
  • 1214
– Ақжарқын деген – аппақ қыз,
Мұндай қыз қайдан таппақпыз, –
Айналып отыр анасы, –
Аппаа қой қызым,
Қарашы!..

– Ақжарқын, – дедiм мен дағы,–
Айта ғой, сiңлiм, сен, кәне,
Аппақсың қалай,
Қайранмын?!.
– Көп iшкем, әпке, айранды!..

– Ақжаррын деген – тәттi-ақ қыз,
Мұндай қыз қайдан таппақпыз, –
Айналып отыр анасы, –
Тәттi ғой қызым,
Қарашы!..

Қызықтап тiлiн тағы мен:
– Айта ғой, сiңлiм,
Бәрiнен
Тәттiсiң қалай? – дегенмiн…
– Кәмпиттi көп-көп жегенмiн!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері