Археолог

Бұл бетте «Археолог» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сауран,
Бестам,
Сығанақ
Сырлары мол ашпаған.
Жер астынан сығалап,
Қарайды көзтостаған.

Қыш құмыра талай мың –
Бабамыздың көзі еді.
Қолыма алып қараймын
Саптыаяқ пен көзені.

Ертең жыр боп оқылар
Сансыз қала құмдағы,
Шақырады Отырар,
Шешілмей көп жұмбағы.

Қалақшамен тынбастан
Қазып төбе,
Обаны,
Қалаларды құм басқан
Ағам аршып алады.

Қарсылық қып жауларға,
Қамал қанша құлаған?!
Тарих бетін аударған
Археолог – бұл ағам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері