Бәрі жақсы мамандықтың
Бұл бетте «Бәрі жақсы мамандықтың» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәрі жақсы мамандықтың
Арттырар ел ырысын.
Кәсібі бар тәмам жұрттың,
Туады ақын жыр үшін.
Мұғалім де, дәрігер де,
Болған ғажап, бірақ та,
Осылардың бәрінен де,
Қайсысы артық? Мұрап па?
Дизайншы, геолог па,
Аспаз әлде қаржыгер?
Мүсінші ме, теолог па –
Кімде кандай бар жігер?
Мамандықтың жақсы бәрі,
Армандай біл, таңда да.
Бір мамандық ап шығады
Күні ертең-ақ бар бала!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі