Бұл бетте «Көз жасын бұлттар» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
12.07.2020
0
0
1087
Көз жасын бұлттар
көшкенде
алған-ды iркiп,
қайыңдар
самал ескенде
қалған-ды үркiп.
Бал қымыз құйған тегендi
сапырады аспан.
Мұң басты жасыл емендi
жапырақ ашқан.
Алатау төсiн гүл жапқан
нажағай тiлдi.
Күркiреп ода –
қыр жақта ән
ғажап айтылды.
Құйды күн қара жауын боп
жалғанға нұрын.
Дариға-ай,
тағы сәуiр кеп
қалған ба бүгiн!..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі