Екеуiмiз ғана жайлы бұл
Бұл бетте «Екеуiмiз ғана жайлы бұл» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Екеуiмiз ғана жайлы бұл…
Еркем,
сен едiң онда жақсы әнiм.
Жаятын таңда ләйлi гүл өркен
омырауында бақшаның.
Наз айтып баққа бұлбұл да құмыр,
ақтарған сырын шешiле.
Бүр ашқан гүлдi жұлдым дағы бір,
қадап ем сенiң төсiңе.
Содан соң састым сүйiп ап,
шырын
әселің – жанның үзiрi.
Сүю де алғаш қиын-ақ,
шыным,
қылмыстай көрдiк бiз iрi…
Екеуiмiз ғана жайлы бұл, еркем…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі