Бұл бетте «Бiлесiң бе, қалқам, сағындырғаныңды» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бiлесiң бе, қалқам, сағындырғаныңды,
сарғайдым алтынға айналып.
Сырнайлы үнiн қосса жаным жырға мұңды,
жылайды жел тыңдай қалып.
Күрсiн демге толған көкiрегiм көптен,
күтумен хабарыңды, айнам.
Көз алдымды көрмес соқыр едiм неткен,
қармансам,
табамын қайдан?!
Шаршағанша шарлап шаһарыңды байтақ,
ұнжырғам түсiп тұрмын мен.
…Күркесiне кiрдi,
“қаһарымды” байқап,
үнi өшiп күшiктiң де үрген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі