Бұл бетте «Қасыңа» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасыңа
ғашықтығын
жасыра алмай, сiрә, асықты Күн.
Тұрғанмен сансыз жұлдыз арасында,
ажарын Айдың дағы басыпты мұң.
Ей, гүлiм,
қасiреттi
қайғы-мұң көк аспанды басыр еттi.
Алыстан жөңкiп келген қара бұлт та
көз жасын сағыныштан шашып өттi.
Жондағы,
қырқадағы
ән дағы атыңды атап шырқалады.
Түнерген бұлттың сырып шымылдығын,
найзағай дидарыңа бiр қарады.
Жасқадың
неге менi,
қастарың елестетiп селебенi?
Үрiмдей үлбiреген ерiнiңнен
тұрақсыз желiк қуған жел өбедi!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі