Бұл бетте «Мұратым менің» атты Серік Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлшынбаймын да: «Қаламмен құдық қазам!» деп.
Қажетті жерде үндемеудің де өзі – еңбек.
Алдыма мақсат қойғанмын айқын – жұртыма
Керемет емес, керекті өлең жазам деп.
Жарқылдап көзге түспей-ақ қойсын жырларым.
Атаққа қарай атымның басын бұрмадым.
Кемерін керген арыны асау арна емес,
Бақшаға қарай бұрылып аққан жылғамын.
Әрбір түп дақыл түбіне сөзім бара алса!
Шөліркеп қалған түйнектер одан нәр алса...
Төрт көрпе төсеп, төрінен сайлап орынды,
Еркелетпей-ақ қойсыншы елім мені онша.
Қажетін қамдап өзімді өсірген қоғамның,
Өмірімді сүргім келеді нағыз адамша!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі