Бұл бетте «Әжетайым» атты Серік Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңін жазған: Серік Қалиев
Әнін жазған: Халықберген Әбілжан
Маған деп жинаған,
Тәтті, құрт, майын.
Бар ауыл сыйлаған,
Әжеме ән шырқайын.
Қайырмасы:
Ақ ірімшігін сақтаған,
Бетімнен менің қақпаған.
Әркез мені жақтаған әжетайым,
Ақ көңіл пейіліменен,
Ықылас мейіріменен.
Әлпештеп еркелеткен әжетайым.
Мені бөлеген көп,
Мейір арайлы мол.
Қолын көлегейлеп,
Күтіп қарайды жол.
Қайырмасы:
Әже, қорғанымсың,
Дейтін ақ ботамсың.
Тисе қолғабысым,
Берген ақ батасын.
Қайырмасы:
Жансезім
Өте жақсы өлең