Үлкен жолда жатқан көлік ағылып – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Үлкен жолда жатқан көлік ағылып» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1234
Үлкен жолда жатқан көлік ағылып,
Қарамайды жолаушыға көлдеңен.
Кетпес пе екен жүрісінен жаңылып,
Жол тәртібін, ережесін білмеген.

Асфальт жолды күннің көзі қыздырып,
Танауыңды жарып кетер қарамай.
Сананы да шырмап алар жүз күдік,
Шешесінен таяқ жеген баладай.

Уақыт та өткен шығар бірталай,
Аялдама толып кеткен қоқысқа.
Заулап келе жатқан көлік байқамай
Қаз-үйректі тапап кетті оқыста.

Көзге жылы көрінеді қарайған,
Жол бойынан танып келем әр ізді.
Сым тартылған бағаналар сорайған
Сигареттің жарнамасы тәрізді.

Жол, бәрібір, жетелейді алысқа,
Шыдау керек жыласаң да, күлсең да.
Қатарыңнан сен де ендеше қалыспа,
Арып-ашып, жаяу-жалпы жүрсең де…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлкен жолда жатқан көлік ағылып өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Үлкен жолда жатқан көлік ағылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлкен жолда жатқан көлік ағылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлкен жолда жатқан көлік ағылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері