Кей кезде қорқынышты түс көремін

Бұл бетте «Кей кезде қорқынышты түс көремін» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 2
  • 2398
Кей кезде қорқынышты түс көремін,
Түлкінің боғы дейді түс дегенің,
«Апырай, не болды?» – деп сескенемін,
Сол түсім өңім болса не істер едім?!

Оянсам, өзіме өзім келе алмаймын,
Тәтті түс көрсем-ау деп қиялдаймын.
Таң ата жан-жарыма жорытамын,
Жориды жақсылыққа ол әрдайым.

Жабырқап, жан-жағыма алаңдаймын,
Сезімнің жетегіне ере алмаймын.
Өңімде көрген қызық түсім бе деп,
Кей-кейде өзіме өзім сене алмаймын.

Көргенім – таныс жандар, таныс белес,
Жырақта жатқан Шолпан, Марс та емес.
Арасы өң мен түстің жақын емес.
Арасы өң мен түстің алыс та емес.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Гүлжан

Жақсы өлең екен. Ұнады

Өте тамаша!

Осы автордың басқа өлеңдері