Бұл бетте «Мойында, ақын, мойында» атты Ақылбек Шаяхмет жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мойында, ақын, мойында,
Берілме, бірақ, уайымға.
Қас-қағым сәттей өмірде
Уақытың кетті ойынға.
Жастық шақ құшақ жайғанда,
Белсеніп кіріп майданға,
Мас болып қызық дәуренге,
Уақытың кетті сайранға.
Қосылған кезде санатқа,
Зымырап өтіп әр апта,
Ас ішіп, аяқ босатып,
Уақытың кетті қонаққа.
Ұнаймын дедің баршаға,
Ақылың өсіп-толса да,
Бағаңды білмес наданға
Уақытың кетті қаншама.
Күлдіріп, кейде жылатып,
Кетті ғой есіл уақыт.
Отырмын соған өкініп,
Өзімді өзім жұбатып…
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі