Қар жапқан шыңның басына шығып жаңа мен
Бұл бетте «Қар жапқан шыңның басына шығып жаңа мен» атты Ақылбек Шаяхмет жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қар жапқан шыңның басына шығып жаңа мен,
Биіктен төмен қарап ем.
Өзім де қатты таң қалдым,
Кісі екенін таныдым сонда мен әрең
Етекте қаптап, қыбырлап жүрген жандардың.
Содан соң төмен түскен соң,
Сағынып таудың самалын,
Бұлақтың суын ішкен соң,
Жоғары жаққа қарадым.
Биікте тұрған кісі ме, тас па, құс па, әлде?!
Ажырата алмадым…
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі