Тақырыпсыз бір өлең – MustafaAuez

Бұл бетте «Тақырыпсыз бір өлең» атты MustafaAuez жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тұнық түннің жанарында тағдыр бар,
Қоймайтұғын жүрегіңде от өрмей.
Өксіп аспан, жауатұғын жаңбырлар,
Жанды мұңға батырады екен ғой.

Ұмытпаспын жылжытсам да жылды алға,
Бәлкім сені сағынамын тоңғанда әр.
Өткен жылғы Желтоқсанда мұң бар да,
Келетұғын қоңыр күзде арман бар.

Қадамыңды қалыс баспа жолдарда,
Көкте гүлім, көктемеде бүр жарып.
Жапырақ қыз маған ғашық болғанда,
Айдың Нұрын сүйгенімді білді анық.

Жапырақтар маңызды емес мен үшін,
Сен де менсіз бақыттысың, соны ұқтым.
Білесің бе? Айым, сенің жеңісің -
Мен түндерге сыр айтатын болыппын.

Жаздың айы, баттым тағы сол мұңға,
Елесінде Ай-Нұрындай мүсіннің.
Жаздың жылы жанарында тоңдым да,
Мен *ӨМІР*дің *СУЫҚ*тығын түсіндім.

Дос түсінер, күлер бәлкім қас маған,
Сенде бәлки дерсің мені "ақымақ"!
Айдың Нұры сені ғана еске алам,
Мына мені сағынғанда Жапырақ...

Кейде ішімде толас таппай жанад от,
Біз жайында ойланудың өзі мұң.
Үшеуміз де бағымызды табар ек,
Саған берсе Жапырақтың сезімін...

17.07.2020


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақырыпсыз бір өлең өлеңінің авторы кім?

MustafaAuez — осы өлеңнің авторы.

Тақырыпсыз бір өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақырыпсыз бір өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тақырыпсыз бір өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері