Жынды

Бұл бетте «Жынды» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2054
Шүйкесі жоқ, шырқ айналған ұршық құр
секілденіп демігеді күнсіп қыр.
Былайғы жұрт ұлылықтан жұрдай боп,
Жындыхана ішінде ол сыңсып тұр.

Болатындай бұрынғының атағы ем,
Бірі Гитлер, бірі оның Напалеон.
Мәз боп қалды
байлаудағы байғұсқа
Сенің сойың Бонапарт, – деп атап ем.

Өз қиялы өздеріне өте ұнап,
Жырақпенен тілдеседі жеті қат.
Бірі оның біліп айтар Платон,
Бірі оның тіліп айтар Сократ.

Желік емген, жетпей қалса жел емген,
Жетіп жатыр жер бетінде өлермен.
Жындыларды мінеймін-ау,
Мұндайды
саулардың да арасынан көрем мен.

Көнді екен деп көнтерілі сөз епке,
Қанағатты теуіп болмас өзекке.
Ұлылықпен тымауратқан тым ерте
Тық-тық етіп жөтеледі бозөкпе.

Енді бірі – борпастақ ой, босаң түп,
Кеткен дейді көк аспанға қос артып.
Басы азат демесеңіз,
Бұлардың
Байлаудағы «Бонапарттан» несі артық?!

Ал, дарындар өзін-өзі өте өңдеп
өзеуреуді – деп санаған бөтенге оқ.
Мен ұлымын, – десе біреу селк етем,
Жынханада жүргем жоқ па екем, – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жынды өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Жынды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жынды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жынды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері