Алдар – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Алдар» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1113
Бұл қазақты кім айтқан ақымақ, – деп,
Жағынуды ойлайды жатып ап тек.
Бастығына бозаң түс ұнар болса,
Әп-сәтінде қояды атын әктеп.

Бізбикесі бүгіннің – үйленгені,
Ат әктеу де Алдардан үйренгені.
Бақталастың қасқасын боқпен бояп,
Бақас тірлік жасаудан жиренбеді.

Көз ақысын алатын көре қалып,
Көсеңізден бір зауал келері анық.
Байыңды да алдайды,
жайыңды да,
Бұрынғыдай жатпайды бөле-жарып.

Аңғал ауыл ол үшін бақ мекені,
Арбауынан сараң да, сақ та өтеді.
Біз сұрай кеп бірінен,
Білдірместен
Бізбикедей бикешін ап кетеді.

Бұрынғының Көсесін неше шіреп
даттағанмен,
Кетпеді ел есесі көп.
Жалғыз еді жарықтық.
Ал, бүгіннің
Көшесі көп, содан да Көсесі көп.

Ат-матыңа алданбай бүгінгі Алдар
Көкті тінтіп,
көліңнің түбін қармар.
Өтіп жатыр алдынан алтын артып,
Жүзіншісі ноғала... шұбырған нар.

Он тоналып жатса да, он ұрланып,
Өкінгенін көрмедік өңір налып.
Алдар атқа мініп тұр.
Ал, абайла,
Қожанасыр кейіптес қоңыр халық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдар өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Алдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері