Даланы сүйіп қайтса таң самалы
Бұл бетте «Даланы сүйіп қайтса таң самалы» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Даланы сүйіп қайтса таң самалы,
қарағай қаладағы ән салады…
Жаныңнан пыр-пыр ұшса аққу-өлең,
Жүректің сезілмейді-ау шаршағаны…
Ақпанның артта қалып дауылдары,
Ақкөңіл бұлттың бәрі ауылдағы-
аңқылдап жауып кетсе Ақтөбеге!.
Жүректің ұмытылар ауырғаны…
Бұл көктем…көктем емес, тылсым ба еді?
Бұл өмір өмір емес, қыршын ба еді…
Күркіреп бір найзағай ойнап кетсе –
Жүректің білінбес ед күрсінгені!..
Күндердің қызылы не, күреңі не…
Бір дүмпу беріңдерші Жүрегіме!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі