Керек емес ештеңе. Ешкім. Өлең
Бұл бетте «Керек емес ештеңе. Ешкім. Өлең» атты Жанна Елеусіз жазған поэзия туралы өлең берілген.
Керек емес ештеңе. Ешкім. Өлең,
Мен болайын әндерін естімеген.
Күле алмадым қосылып көп тобырға,
сорыма орай,
олардан естірек ем…
Келмейді енді оралғым ортасына,
жүре берсін бөленіп торқасына.
Жалғыз дауыс шығады «қайдалаған»,
ол да күмән – шыны ма, жортасы ма?!
Сүрем үнсіз бір ғұмыр. Іздемегін.
Туа бермес мендей қыз Күз дегенің..
Бір ағашқа жан бітсе биыл көктем,
бұл тірліктен сол-күдер үзбегенім!
Бақытыңды жырлаңдар қурамаған…
Біреулерге ұнағам, ұнамағам.
Бір қыз осы – қайдам, өмірінде…
Өлеңінде ешқашан жыламаған…
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі