Жалғыз – Ақберен Елгезек

Бұл бетте «Жалғыз» атты Ақберен Елгезек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 4930
Шексіз ғарыш шетінде
жетімсірер Жер-жұлдыз.
Сол жұлдыздың бетінде
Сен жалғыз да, мен жалғыз.
Жалғыздардың әлемі?…
Сен көпшіл де, мен көпшіл?
Тор тоқиды әдемі,
Көбелекке өрмекші…
Құрай – жалғыз, мыс – жалғыз,
Жалғыз – барлық атомдар.
Құс – жалғыз
және
барлық Ақындар.
Жүрек – жалғыз, ми – жалғыз.
Шылым жалғыз шоқтанып…
Аярланған жүзіңе
Ай қарайды сұқтанып.
Бәрі – жалғыз.
Тәңір де.
Ажал – бөлек, Ар – бөлек.
Өмір мәні, тегінде,
өрмекші мен көбелек…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз өлеңінің авторы кім?

Ақберен Елгезек — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақберен Елгезек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері