Күн де ашылды, мен де ашылдым – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Күн де ашылды, мен де ашылдым» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1273
Күн де ашылды, мен де ашылдым,
Шаңы кетті сан ғасырдың.
Жүрегімді аймалады,
Жапырақтай жап-жасыл мұң.

Менің демім тамшыда бар,
Талға тамған, сансыз олар.
Күйбеңінен қу тірліктің,
Сол тамшылар аршып алар.

Жасыл өлең, жасыл жарық,
Түу сыртымда ғасыр қалып.
Жұбатады сол тамшылар,
Көз алдымда асыр салып.

Мұңайдым ба озғасын Күн,
Бұл жанымды қозғасын кім?!
Дәмі қалар тамшыларда,
Менің жасыл көз жасымның…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері