Іңкәр көңіл – Құттыбек Баяндин

Бұл бетте «Іңкәр көңіл» атты Құттыбек Баяндин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзіңе ғұмыр бойы іңкәр көңіл,
Үкілі домбырамнан күй боп төгіл.
Айдында аққу жүзген ару сүйген
Не деген ыстық едің айһай өмір.
Ән де сен, сән де сенсің, жыр да сенсің
Таусылмас, айтсам қанша сыр да сенсің.
Табысқан махаббатпен сүйген жарға
Шікін-ай, тең құрбыда арман бар ма?
Қылығы қызған шоқтай жастық шақта,
Сейілдеп серуен құрған саябақта.
Сезімді сеңдей соғып сорғалатар,
Бұлбұл құс тамылжытып ән салғанда.
Күн шығып, шың басына нұр шашқанда,
Өзіңмен бақыт таптым бұл жалғанда.
Табысқан махаббатпен сүйген жарға
Шіркін-ай, тең құрбыда арман бар ма?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері