Жеңешем – Құттыбек Баяндин

Бұл бетте «Жеңешем» атты Құттыбек Баяндин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айналайын жеңешем,
Ай мен күнге теңесем.
Жақсы көрген қайныңды
Қалжыңдап жүр деме сен.
Шайдай ашық қабағың,
Айдай аппақ тамағың.
Дәл өзіңдей аруды,
Қайдан іздеп табамын.
Айналайын жеңешем,
Сен жарқылдап жүрмесең.
Дүние кірлеп кеткендей
Сен жадырап күлмесең.
Бойға қуат, дем берген,
Су сұрасам, бал берген.
Тал бойыңда мінің жоқ,
Сендей жанды кім көрген.
Айналайын жеңешем,
Сырласамын кеңесем.
Разы болсаң, сүйсініп
Көк аспанмен теңесем.
Асыл гауһар жүзіндей,
Барда ғажап өзіңдей.
Бұл дүниенің тарлығы
Өте шығар білінбей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері