Қос келіншек – Құттыбек Баяндин

Бұл бетте «Қос келіншек» атты Құттыбек Баяндин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құрдасым болар,
Қимасым болар,
Силасым болар
Қос келіншек-ай...
Шынарым болар,
Сыңарым болар
Бір әнім болар,
Қос келіншек-ай...

Қайырмасы:
Кер маралдай керілген,
Ай мен күн боп көрінген.
Қос келіншек-ай,
Дос келіншек-ай,
Өздеріңсіз мына өмірдің қызығы
Жоқ келіншек-ай.
Шоқ келіншек-ай.
Оһ-оһ-о-ой...
Оһ, келіншек-ай.

Базарым болар
Ажарым болар,
Наз әнім болар
Қос келіншек-ай...
Жұбаныш болар,
Қуаныш болар,
Құшағым толар
Қос келіншек-ай...

Қайырмасы

Тасуым болар,
Асуым болар,
Асылым болар
Қос келіншек-ай...
От болып жанар,
Бабыңды табар,
Құмарың қанар
Қос келіншек-ай...

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері