Бұл бетте «Құлазыған көңілімді емдер кім?!» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлазыған көңілімді емдер кім?!
Құла-дүзде келед кейде сенделгім.
Тағдырымның тырнағын-ай тым ащы,
Тікенегі секілденген шеңгелдің.
Жалғыздықтан жапа шеккен мен бе екен?
Адаспаған адамдарың кем де кем.
Тағдыр өзі дуалаған басымды,
Қай бақсыға,
Қай тәуіпке емдетем?
Сыздай-сыздай жүрегімде сырнай-мұң,
Шытынаймын, бірақ әлі сынбаймын.
Өне-бойым алаулаған кезінде,
Мың-миллион тоқ жүгірген сымдаймын.
Тәуір жолдас бола алмадым жақсыға,
Бұдан өткен ауыр азап жоқ сірә.
...Өлең деген үшкірінем тәуіпке,
Өмір деген бағынамын бақсыға
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі