Əлемді сызықтар билейді
Бұл бетте «Əлемді сызықтар билейді» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Əлемді сызықтар билейді,
Билейді сызықпен нəзік құс.
Құс-қанат ғұмыр да күйрейді,
Олар да жылайды жазықсыз.
Дақ түскен жүректер дəмелі,
Дүние - дөңгелек, о, ғажап!
Табылмай құстың да жан емі,
Қанаты қайрылар ой қажап.
Ырғақтан тұрады бұл өмір,
Тоқтасаң, жүрек те тоқтайды.
Құстар да бермейді түр-өңін,
Олар да сыңарын жоқтайды.
Ұзақтау жасайды ұлар құс,
Ғұмыры биіктен басталып.
Бір құс бар ұшатын сыңарсыз,
Қауырсындарынан жас тамып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі