Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1098
Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ
Өзім деген өлең үміт тым жырақ.
Әйнегімде қырау биін қалдырған
Бүгін маған жалғыздығым құндырақ.

Сен келмейсің. Жеткізді оны суық жел,
Суық желмен жалғыздықты қуып бер.
Тоңғаным ба, құшағыңды аңсадым,
Ақ мамық қар мұңдарымды жуып көр.

Аспан алыс, одан сәлем мамық қар,
Қайың, терек күтулерден жалыққан.
Сені неге сонша сүйген екенмін?!
Дауа болмай дәрігер мен тәуіптен.

Жазға жетпей, күзге кетпей мұңдандым,
Енді қашан дауысыңды тыңдармын?!
Ақ болсаң да, бақ таппадым жалғыз қап,
Кешір ақ қыс, жесір бақсыз жындандым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері