Барар едім, өмірді өртеп көргісіз – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Барар едім, өмірді өртеп көргісіз» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1795
Барар едім, өмірді өртеп көргісіз,
Хат жазар ем, мекен - жайың белгісіз.
Ән салар ем, тәңір дауыс бермеген,
Жыр оқимын, тұла бойды кернеген.

Жайланар ем, жаным десең жан еркем,
Аймалар ем, күнмен бірге таңертең.
Терезеде қырау болам қысқы кеш,
Ерітетін екі демнің ұшқыны.

Барар едім итке тастап тірлікті,
Мұңымды орап сәнін бұзған шырқымның.
Табар ма едім шарлап шықсам құрлықты?
Тым болмаса бір сынығын күлкіңнің.

Елесіңді құшып тұрып қалғанмын,
Нұр бейнеңе есімді алған тоймаумен.
Ұмытам деп тырысқанмен, алғанмын
Көз шырымын сені ғана ойлаумен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барар едім, өмірді өртеп көргісіз өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Барар едім, өмірді өртеп көргісіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барар едім, өмірді өртеп көргісіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барар едім, өмірді өртеп көргісіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері