Баспалдақ

Бұл бетте «Баспалдақ» атты Темірғали Көпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1029
Жалғанға жылап келіп жас анадан,
Ажалдан аждаһадай қашады адам.
Қазған көр құтқармапты Қорқытты да,
Қобыздың қоңыр мұңын тасалаған.

Артында аңырар жұрт, досы қалып,
Адамның ақіреті осы ма анық.
Ажалың қуып сені жүрмейді екен,
Алдыңнан тұрады екен тосып алып.

Ей, Ажал, алыспысың, жақынбысың,
Бір белде мені күтіп жатырмысың.
Алланың өзі сүйіп өлең берген,
Сен мансұқ ете алмассың ақынды шын.

Білемін бұл өмірден өтерімді,
Табармын мәңгіліктен мекенімді.
Өлмейтін өлең жазған ақын көкке
Ажалды баспалдақ қып көтерілді.

Ажалым – аяулымсың сен де менің!
Өлім бар деген сөзге сенбеп едім.
Ғарышқа аттанарда мен өзіңді,
Өлеңнің тақымына өңгеремін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баспалдақ өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Баспалдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баспалдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірғали Көпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баспалдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері