Күндей шалқып күлгенің – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Күндей шалқып күлгенің» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.

Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақытты өмірді;
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер көңілді.

Сол себепті мен саған
Ғашықтайын құмартам,
Жүрегімнен, жамымнан
Жыр жазамын, сыр айтам.

Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы алма жүз,
Саған сірә тең келер
Жер жаһанда бар ма қыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндей шалқып күлгенің өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Күндей шалқып күлгенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндей шалқып күлгенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндей шалқып күлгенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері