Тамыз түні – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Тамыз түні» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2023
Күйкi тiрлiк бiткендей қансонары,
Ұйқыдағы Алматы тамсанады.
Көше шамы телмiрiп жұлдыздарға
Көрер таңды көзiмен қарсы алады...
Намыс-бұлттан жарқ етер жай табылды,
Жұлдыздарды жарамсақ жайқап ұрды.
Аңдаусызда аспанға нұрын шашып
Нәлiсiндей етiктiң... Ай қағылды.
Бәрi қалып,
Басылыпты автолар желiгi анық.
Жұлдыз күлiп секiрдi жерге қарай,
Жыртыс қылып көк жүзiн бөлiп алып.
Ай бөлмеме қарайды әлi үздiгiп...
Қараша емес, бар бiрақ сәл ызғырық.
Тәңiр берiп тамызға салқын түндi,
Байғұс жазды қойғандай қарыз қылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері