Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1724
Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым
мәз боп оқыр ақын ем ескі жырын –
қолға алып ем, көк аспан бетіндегі
іріп кетті қоңыр бұлт секілденіп.

Бала қазым бар еді көлде момын,
көрмегенім жақсы еді, келмегенім:
бұғып жатқан бір жауыз мылтық атты –
қоңыр қаздың мамығын бұрқыратты.

Бұдан артық жаныңа батырар кім,
сәл шыдай тұр, мен де бір қатырармын:
Қоңыр қаздың мамығын жастық етіп,
қоңыр-қоңыр ой ойлап жатып алдым...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері