Бұл бетте «Шырғалаң, ұғынбас жан аңдап» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырғалаң, ұғынбас жан аңдап,
Жүрмейді арбамыз, шабан ба ат?
Керзаман кесірі кеулейді,
Көңірсік кеудемде жалаңдап.
Әуелі, жасқанды дырдай күн,
Деді ме оған да «...жырғаймын».
Бір қайғым азайса басымнан,
Жамалды жаңадан бір қайғым.
Өтінем, кетпеші, кептерім,
Бар-тұғын бағым да көп-көрім.
Шашадан тұрғанмен тер тамып,
Ілмеді көзіне бектерің.
Шырғалаң, ұғынбас жан аңдап,
Кетті өмір жалт беріп, сан алдап.
Жүргенше ит көрмес тірлікпен,
Малсам ба былыққа санамды-ақ ...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі