Бақ ішінде – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «Бақ ішінде» атты Арайлым Мұраталиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

БАҚ ІШІНДЕ

Күз де келді шықпайтын жүз күн ойдан,
Жүрегімде басталды ізгі майдан.
Айтыңызшы, көрдіңіз осы қашан,
Сұлулықты сүймейтін қызды қайдан?

Қарашы, аға, бақтағы тамашаға,
Сап-сары түс Тағдырға жарасады, ə?!
Сары өлеңнің тербеліп ырғағына,
Мүмкін, вальс билерміз оңашада...

Қылықты емен, қызға тəн жоқ бұрымым,
Бір жүректің сонда да от-жырымын.
Мені ақын деп ойлайды ел, шындығында -
Тағдыр ғылымдарының докторымын!

Уақыт деген - Түндер мен Таң күресі,
Күресі жоқ тірліктің мəнді несі?
Жел дегенің - Өмірдің күрсінісі,
Өмір деген - Жүректің əңгімесі.

Сыршылдығын ұнатам мына бақтың,
Жалғыздығын тұр оның кінəлап кім?
Құстың бəрі қайтыпты Көктеміне,
Өткеніне оралып бір ағаш тұр...

Жүрегімде басталды ізгі майдан,
Кетпейікші алыстап Біз Құдайдан.
Жарты əлемге дауысым жетер ме екен,
Күзді қатты сүйемін,
Сізді қайдам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ ішінде өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

Бақ ішінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ ішінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайлым Мұраталиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ ішінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері