Ақындар

Бұл бетте «Ақындар» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1373
Ақынбыз біздер –
Өмірдің ерке қонағы,
Көшеміз ертең
Көгілдір аспан оңады,
ХХ ғасыр жабады қатты есігін,
ХХІ - де де өзімдей біреу болады.
Қас ақын болсаң
Қай жақта саған жоқ өлім,
ХХІІ – де де өзімдей біреу көремін.
Тұрпаты бір де тілі бар басқа бір жігіт,
ХХІІІ - те жазып
Оқиды отты өлеңін.
Қыратпен,
Шөлмен,
Өзенмен,
Қырмен,
Алаңмен,
Ғасырға ғасыр жеткізіп салып алар дем.
Ойым мен бойым,
Көзім мен сөзім жетпейтін.
ХХҮ ғасыр кім болып барам саған мен.
Зулаған уақыт,
Шулаған сырлы ормандар,
Күңсіген құмдар,
Сыңсыған сырлы қорғандар.
Сендерден өтіп,
Саңлаудан түскен сәуледей,
ХХХ ғасыр өзіңе жетсем.
Не арман бар.
Кетермін мейлі
Топырақ болып,
Құм болып,
Бұл дүниеден
Кім кетпей жатыр,
Кім келіп
Ақынның ғұмыры
Жылт етіп сөнген ақ сәуле,
Ақынның рухы
Мәңгілік қалса нұр беріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындар өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Ақындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері