Ақындар менің ойымша – Қази Данабев

Бұл бетте «Ақындар менің ойымша» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2034
Ақындар менің ойымша,
Жұп-жұмыр жердің жүрегі.
Жүректің үні жойылса,
Жер қалай өмір сүреді.
Таулар ше?
Сөмпек иықты,
Баулар ше?
Тартар күйікті.
Теңіздер шулап жылайды
«Ақындар жоқ қой сүйікті».
Білмессің таңның атқанын,
Сезбессің күннің шапағын.
Жаңбырдың жауып жатқанын,
Дүниенің сырлы мақамын.
Көкжиекке асып күн иегін.
Телмірер,
Жай жоқ күлетін.
Ақын жоқ,
Адам, дүниенің
Қос тілін қатар білетін.
Өзгеге бітпес ол жүрек,
Ақынның бәрі – ұлы ақын.
Дүниеге түгел елжіреп,
Сары майдай еріп тұратын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындар менің ойымша өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Ақындар менің ойымша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындар менің ойымша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындар менің ойымша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері