Таң намазы

Бұл бетте «Таң намазы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1434
Бұл Толгау-жырды Асылбекұлы Амантай Қажыға арнадым

Оқыдым мен беріліп Таң намазын,
Сезіндім дүниеде жан ғажабын,
Ғаламдық ғұламасы – МҰСЫЛМАННЫҢ,
Дініне ұйыңыздар, ал, ҚАЗАҒЫМ!
Бас иіп ұйыңыздар и қандырып,
Келешек ұрпағыңа сый қалдырып.
Елімді алып шығар бір-ақжол бар,
Ол жолдың, тура жолы – ИМАНДЫЛЫҚ!
Намазға өзің үшін жығылғаның,
Байқамай өтіппіз ғой бұрын бәрін.
Алдама өзіңді-өзің әрбір Қазақ,
Халқым ғой бір-біріңе сырың мәлім.
Бақытқа жалғыз емес бір жетейік,
Туған жер топырағын гүлдетейік.
Өтпелі мынау осы дәуірлерде,
Біртіндеп жүрекпенен Дінге өтейік.
Жер деген Адамзатқа бір үй екен,
БІР – ТӘҢІР, БІР – ҚҰДАЙЫМ, ҰЛЫ ИЕ екен.
ДІН – ҒЫЛЫМ, ДІН – ДАРИЯ, ДІН – ТЕҢІЗІМ,
Тұңғиықтерең иірім дүние екен.
Бәріміз мұсылман боп жолығайық,
Пенденің қас-қағымда жолы ғайып.
Сол жұмбақ Құдай берген дүниеге,
Ғұмырдың барында осы шомылайық.
Құдайдың берген бізге Бақыты аз ба?!
Қалайық бір ұмтылып Уақыт азда.
Беріліп ішімізден қосылайық,
ДІН деген лағыл-маржан, жақұт-сазға!
Басайық қанағаттың пернелерін,
Өмірде пенделікпен сермеп едім.
Абырой-атағымды желбіретіп,
Ешкімге намыс туын бермеп едім.
Жүрек пен құлақ барда естір әнді,
Тағдырдың дауыл желі есті мәңгі.
Болса егер ғұмырымда кемшілігім,
БІР ҚҰДАЙ өзің ғана кеш күнәмды!
Тауларға арқа сүйеп асыл биік,
Тыңдайды күллі әлемді ғасыр да ұйып.
ТӘҢІРІМ өзің қолдап ТАҢ НАМАЗЫН,
Оқыдым мен алдыңда басымды иіп!
Жан деген қасіреттің сезді азабын,
Басынан өткізгендей кез ғажабын.
ДІНІНЕ ҰЙИТҰҒЫН МҰСЫЛМАННЫҢ,
ҚАЗАҒЫМ, КЕЛДІ СЕНІҢ, ӨЗ ЗАМАНЫҢ!
Қазағым! Келді сенің өз Заманың,
Айта алмас сенен артық сөз ғажабын.
ҰЙЫДЫМ, МӘҢГІ ЕНДІ СЕРІК ЕТЕМ,
ҰЙЫТҚАН ЖҮРЕГІМДІТАҢ НАМАЗЫМ!

31 қазан 2003 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң намазы өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Таң намазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң намазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң намазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері