Бұрынғы бар кісілер болды жарлы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бұрынғы бар кісілер болды жарлы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұрынғы бар кісілер болды жарлы,
Бардан жарлы болғандар болады арлы.
Күңнен – қатын, құлдардан – иесі бар,
Тақа жаман демейді малы барды.
Келмейді таудың көркі тас кеткен соң,
Ер жігіт шау тартады жас кеткен соң,
Келіспес ішіп-жеген бəйбішелер,
Қолынан қара саба, ас кеткен соң.
Тау толағай көрінер тасы кетсе,
Əр ел жесір қалады басы кетсе,
Кəрі күш не болады, уа, дариға,
Асырайтын қолынан жасы кетсе.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері