Бұл бетте «Ақындар менің ойымша» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақындар менің ойымша,
Жұп-жұмыр жердің жүрегі.
Жүректің үні жойылса,
Жер қалай өмір сүреді.
Таулар ше?
Сөмпек иықты,
Баулар ше?
Тартар күйікті.
Теңіздер шулап жылайды
«Ақындар жоқ қой сүйікті».
Білмессің таңның атқанын,
Сезбессің күннің шапағын.
Жаңбырдың жауып жатқанын,
Дүниенің сырлы мақамын.
Көкжиекке асып күн иегін.
Телмірер,
Жай жоқ күлетін.
Ақын жоқ,
Адам, дүниенің
Қос тілін қатар білетін.
Өзгеге бітпес ол жүрек,
Ақынның бәрі – ұлы ақын.
Дүниеге түгел елжіреп,
Сары майдай еріп тұратын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі