Қази Данабев мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.
Бұл автор бетінде Қази Данабев шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.
Қази Соңғыбайұлы Данабаев — 1951 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келді. Қызылордадағы Н.В. Гоголь атындағы педогогикалық институтын бітіргенен кейін 1971 жылы еңбек жолдын туған ауылында мектеп мұғалімі болудан бастады. 1979 жылдан бері қарай Қызылорда облыстық кәсіподақтары шығармашылық ұйымының әдіскері, сонан соң директор қызметін атқарды. 1984 жылдан облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің аға редакторы болды. 1989 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың кеңесшісі, редакция алқасының мүшесі болды.
Ол бірнеше мәрте облыстың үздік журналисі болып танылды. М.Шоқай атындағы сыйлықтың лауреаты, облыс әкімінің 2006 жылғы стипендианты атанды.
Қази Данабаев журналистика салаымен қабат ғұмыр бойына көркем шығармашылықпен айналысты. Оның қаламынан туған «Гүлдәурен», «Ақ кептер» хикаяттары кітап болып басылды. Тұңғыш өлеңдері «Көктем тыныс», «Дария жыры» жинақтарына енді. Сыр елінің танымал тұлғалары туралы оншақты деректі кітап шығарды. Республикалық «Жалын» баспасының екі мәрте жабық жүлдесін жеңіп алды. Шығармашылық еңбегі «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Сағыныш екен бала кез» атауымен кітап болып шықты.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі