Құмдардың сусыраған тақсыретін

Бұл бетте «Құмдардың сусыраған тақсыретін» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 765
Құмдардың сусыраған тақсыретін,
Тыңдардың тусыраған тасты бетін,
Жаныммен желеу болып жұбатарға,
Шыңдарға алып шықтың жастық отым.
Шөлдерді шаңқай түсте шемендеген,
Көлдерді көзі бітіп төмендеген,
Кендерді қойнауына ел енбеген,
Жастығым жайнап кетсе сенен дер ем.
Қаратау!
Есіңде ме үйелеген,
Қайран-ай,
Қанатынан сүйеген ем,
Табанын тас-талқанғып Түрксібтің
Тастарын тасып салғам түйеменен.
Беліне егін салып боз даламның,
Меңіреу тіршілігін қозғағанмын,
Азия аптабына қыздырылып,
Сібірдің суығында мұздағанмын.
Ойнайтын сағымдары орап қашып,
Қонатын көз жасындай алапқа шық.
Жеттім саған тың дала,
Тізбектелді,
Арқада ақ шатырлар қанаттасып.
Жас па едің жеңіл іс пен айланы іздер,
Мен үшін
Қайда қала,
Қайда дүздер.
Жол салғам космосқа да
Келер ұрпақ,
Қол таңбам керек болса айдан іздер.
Мен жаспын дауылыммен бұлт айдаған,
Мен жаспын жанарымда күлкі ойнаған.
Мамырлап маң даламда май самалы,
Дабылдап дауыл болып бұрқай да алам.
Жылдар жүйткіп
Ғасырлар сан аунасын,
Жүйрік уақыт тартпайды жарау басын.
Менің жаққан жалыным, келер ұрпақ,
Саған жетіп
Көгінде алауласын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмдардың сусыраған тақсыретін өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Құмдардың сусыраған тақсыретін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмдардың сусыраған тақсыретін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмдардың сусыраған тақсыретін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері