Надежда, Үміт, Үмила – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Надежда, Үміт, Үмила» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1859
(Н. К.)

Надежда, Үміт, Үмила,
Қарындасым, дәуренсің.
Шырағым Үміт, Үмила,
Аққуымсың, сәулемсің...
Түйін салып жас балғын
Алма ержетіп өседі.
Албырап биік саяда
Уыздай болып піседі.
Не шіриді, не құрт жеп,
Не бір кезде үзеді.
Сабағы қурап немесе
Үзіліп жерге түседі.
Сен алмасың биікте,
Сен әлі жас баласың.
Түскеніңді үзіліп
Білмей, қалқам, қаласың.

1922 жыл, 28-мамыр, Ташкент,
Айт. Дұрмен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Надежда, Үміт, Үмила өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Надежда, Үміт, Үмила өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Надежда, Үміт, Үмила өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Надежда, Үміт, Үмила өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері