Біздің стан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1366
Жаңа тұрмыс қалайды.
Айнала жау
Шабуға көз қадайды.
Уақыт күтіп,
Қанжар тұтып,
Демін жұтып,
Көзіңді аңдып,
Қан тырнағын жалаңды.
Іште де бар
Шарлатандар, күшіктер,
Тон жамылған
Жорғалаған бүшіктер,
— Соны да бақ
— Соны да қақ,
— Бет қақпасан
— Күшік өсіп күшіктер.
Қырағы көз,
«Қалғып кетті!..» дегізбе
Жау тұмсығын
Шекке жақын енгізбе!
Айнала жол,
Айнала шөл!
Биікте бол,
Сен, Альбатрос,
Жерде, көкте, теңізде!..
Айнала жау
Сақ бол күзет, жалықпа,
Жерде, көкте
Кірпік қақпа, қалықта!
Оқты сайлап,
Допты майлап,
Тас қып байлап.
Бейне Альбатрос,
Көкте гүрлеп шарықта!..
Қай жағыңнан
Шықса да жау, қай дүсір,
Найзағайша ат,
«Төбесінен сай түсір!..»
Жарқ-жұрқ отпен
Алмас оқпен,
Жанған шоқпен
Ер Альбатрос,
Дұшпанға мерт жай түсір!

Алматы, 1932 жыл, 27 қыркүйек


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің стан өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Біздің стан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Біздің стан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің стан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері