Бұл бетте «Жүрегімнің сыңары» атты Бағлан Ерғали жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімнің сыңары егіздейсің,
Мен тұрғанда, өзгені неге іздейсің?
Бақтың ішін өзге жан аралап жүр,
Маған неге жемісін жегізбейсің.
Түсірсеңде кеудеме мұнар мұңды,
Жасыра алмай келемін құмарымды.
Сен аман бол, таласын тағдыр мені,
Сыйға тартып берейін тұмарымды.
Жылытпас көңілімді шуақты күн,
Кірпігіңді кіршіксіз шылатты мұң.
Неге отыр көңілсіз, Қыз Жібегім,
Ару қызды ренжітіп, жылатты кім?
Бола алмас өзіңдей ешкім,
Жібекті сүйген Төлеген күйін кештім.
Сүйінбес кім періште келбетіңе
Ғашық болмай түсінбес күйімді ешкім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі