Сәттерді кешу – Дина Бөкебай

Бұл бетте «Сәттерді кешу» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1239
Бір күні,
Умаждалған хаттарды жыртып,
Ұмытылмаған сәттерді кешіп
Бір ғасырды артқа қайырар кірпік,
Бір ғасырға ашылады есік.
Бүгін -
Сенімге қанат бітірсе күмән,
Қалжырап сөздерден қаңқу.
Сыбырлап оқылар дұғаң-
Жазылмаған жырың аңқыр.
Қазір,
мен- қонақпын кешігіп келген,
Дін жайлы айтпайтын жақтан.
Гүл өссе (біз) басқан жерден,
Гүл өссе (сен) жазған хаттан.
Не жазғың келеді маған?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері