Ештеңе етпес күн суығы, күн ыстығы
Бұл бетте «Ештеңе етпес күн суығы, күн ыстығы» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ештеңе етпес күн суығы, күн ыстығы,
Ұғу керек жаныңмен дұрыс мұны.
Ойлағаным өмірде алдыменен,
Отанымның, елімнің тыныштығы.
Сүңгіп кетсем қараңғы ой-тұманға,
Мойнымдағы үзілер бой-тұмар да.
Ойран-топан боп жатса бұл дүние,
Өлең жазып осылай отырам ба?
Залымдардан айқай сап ұрандаған,
Қу түлкіден құйрығы бұлаңдаған.
Сақта елімді соғыстан, қасіреттен,
Сұрағаным сол болсын бір Алладан.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі