Күн әрине, сенді саған – Марфуға Бектемірова

Бұл бетте «Күн әрине, сенді саған» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1312
Күн әрине, сенді саған,
Шын сүйді деп ойлады.
Жетер емес енді шамам,
Бол махаббат қорғаны.
Менде жаным үміттердің,
Сөнді соңғы шырағы.
Сезімімді үгіткенің,
Менің ыстық,
Көз жасыма тұрады.
Құны кеткен дүние бұл,
Ұмыт, дәтің жетсе егер.
Махаббаты оның маған деген,
Адал қызметімен шектелер.
Әңгімені айталық кел,
Жараспас үнсіз тұрғаның.
Жаңғырығын қайтарып бер,
Жылаған жүз жылдарымның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері