Табиғаттан алғанмын тәрбиені

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3501
Мұнан өткен жаныңа азап бар ма?
Мақтауға да үйрендік, азаптауға.
Танымайтын әлемде мені мүлдем,
Алла, мені айырма мейірімнен.
Бар сырымды жасырмай жайып тұрмын,
Таңның қалай ұмытам жарық нұрын?
Бұл сезімнің сеземін тапшылығын,
Күннің қалай ұмытам жақсылығын?
Күңіреніп шыққанда менің үнім,
Төккен сонау аспаннан мейірімін.
Дір еткізген жүрегін тамшы мұңым,
Айдың немен өтеймін жақсылығын?
Жүдеп жүрген шағымда, тоңып жүрген,
Ақын қыз деп төрінен орын берген.
Ел-жұртымның құшағын айқаратын,
Жақсылығын мен қалай қайтарамын?
Мен ешкіммен жау болып жағаласпан,
Солай бол деп үйреткен маған аспан.
Шаршауды да білмейді жомарт жаным,
Бұл өмірден тапқанша жоғалтқанын.
Бұл анамның айтатын әлдиі еді,
Табиғаттан алғанмын тәрбиені.
Тар үйіме бір дүйім ел қонады,
Кең далада туғандар кең болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғаттан алғанмын тәрбиені өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Табиғаттан алғанмын тәрбиені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Табиғаттан алғанмын тәрбиені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табиғаттан алғанмын тәрбиені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері