Жел

Бұл бетте «Жел» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1343
Сәскеде соққан желдердің
Кешке де мүмкін тынбауы.
Кешігіп соқса кезінен
Әсте де мүмкін тумауы.
Лап етіп жалын тіліндей
Өте де шыққан өткір жел,
Сандуғаштардың үніндей
Сан алуан жұпар төктіңдер!
Табиғат заңы керемет,
Тазалаушысы жердің – жел.
Текемет-қырды, не керек,
Қағып та сілкіп бердіңдер.
Жел тұрып еді жасанып,
Көлдерім шалқып ақты ғой.
Төбемде тұрған маса бұлт
Табанын жалтыратты ғой.
Тек сені бізге, еспе жел,
Табиғат дәйім кез қылғын.
Жел соққан кеш пен сәскелер –
Бақытты шағы мезгілдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері