Таң

Бұл бетте «Таң» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 972
Бозала таңда бозторғай әлі шыр етпей,
Тып-тыныш дала тұмшанып шыққа сүмектей,
Жылыстап алып, жарығы налып жұлдыздың
Қалтырайды кеп баяу бір соққан жүректей.
Ұйықтаған бұлттар ұйтқыған желмен жайылып,
Тазарады аспан нұрына талғақ шайынып.
Сейілмей салқын соныға түсіп топ жылқы,
Қотанда қойлар күйісін соңғы қайырып.
Бозторғай ұшып, үлгірді сәтте сайрап та,
Қарашықтай құс қайда жүр өзі, қай жақта?
Табиғат – уыз, шайқалып кетті шелегі,
Әлден-ақ кейін айналып кетті қаймаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері